Ресей форумында шу шықты: кәсіпкер әріптесін «алаяқ» деп айыптады
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында өткен «2026 жылғы бизнес: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және даму стратегиялары» атты панельдік сессияда жанжал шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оқиғаға Ресей Кәсіпкерлерінің жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Андрей Ковалев себеп болды. Ол панель қатысушыларының бірі, «ЕС-клиникасының» негізін қалаушы ретінде таныстырылған Михаил Гребенюкті қатаң сынға алды. Ковалев Гребенюкті «инфоцыган» деп атап, оған қатысты ауыр айыптаулар айтты.
«Бұл сұмдық адам неге әлі түрмеде отырмаған? Президент тапсырма берсе, темірдей тәртіп орнатамын. Осындайлардың бәрін жауапқа тарту керек. Сен түрмеде еңбек ететін боласың», – деді ол.
Сондай-ақ Ковалев Гребенюкпен бір сахнада отырудан бас тартып, оны түрмеге отырғызуға уәде берді.
«Мен бұл адаммен қатар отырмаймын. Сені түрмеге отырғызамын! Адамдар менен хабардар болу үшін жазылыңыздар. Осындайлардан аулақ жүрген жөн. Оның кесірінен қаншама адам зардап шекті, қаншама кәсіпкер бизнесінен айырылды. Өзі ешқашан бизнес жүргізбеген, бірақ өзгелерге бизнес жасауды үйретеді», – деді Ковалев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0