Рөлде оқушы болған: Алматы облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Қазан 14, 2025 - 14:05
Қазан 14, 2025 - 15:11
Рөлде оқушы болған: Алматы облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, "ВАЗ" және "Hyundai Grandeur" көліктері соқтығысқан. "ВАЗ" жүргізушісі негізгі жол бойымен келе жатқан "Hyundai Grandeur" көлігіне жол бермеген. Апат салдарынан "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды", - дейді ведомство.

"Hyundai Grandeur" көлігінің рулінде 13 жастағы жасөспірім отырған. Бала жансақтау бөлімінде жатыр.

"Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кәмелетке толмаған адам көлік құралын не үшін басқарғаны туралы мәселе де анықталатын болады", - дейді облыстық полиция департаментіндегілер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow