Берденовке атылған оқ: Жиембай қаруды полицейлерден алған ба?

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған мылтықтың елордада есептен шығарылғанын растады, деп хабарлайды Kazinform.
"Иә, өкінішке қарай мұндай жайт болды. Біреулер бірдеңені сатқаны емес, қызметкерлердің немқұрайлығы болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды және тергеу аясында біз барлық мән-жайды, яғни жою орнындағы кінәліні, кім сатқанын анықтаймыз. Бұл сұрақтардың бәріне жауап береміз", - деді Ержан Сәденов мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сіздің реакцияңыз қандай?






