Сәбиін қоқысқа тастаған: Жамбыл облысында күдікті әйел анықталды

Қыркүйек 2, 2026 - 17:26
 0  54
Сәбиін қоқысқа тастаған: Жамбыл облысында күдікті әйел анықталды
Фото: Pixabay

Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылған іске қатысты жаңа дерек белгілі болды. Полиция нәрестені қауіпті жағдайда қалдырды деген күдікке ілінгенәйелді анықтады, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеп. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілген. Нәтижесінде күдікті әйел қысқа уақыт ішінде анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Ведомствоның хабарлауынша, әйел өз кінәсін мойындаған.

Жан-жақты, толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады облыстық ПД.

Сонымен қатар полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге ақпараттың жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 3
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0