Сарыөзекте сарбаз көз жұмды
Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні болған. Сарбаздың 18 жаста екені мәлім болды.
2025 жылдың 14 қаңтарында Сарыөзектегі №12740 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет атқарушы қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атып, сол жерде көз жұмған.
Оқиғаға қатысты әскери бөлім мәлімдеме жасады.
“Әскери-далалық оқу-жаттығулар кезінде сарбаз атыс қаруын қолдану ережесін бұзып, кеудесінен жарақат алған. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себептері анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде, құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқаратын арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері тексеріліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Сарбаздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
Оқиғаға қатысты тергеу органдары жауапты тұлғаларды анықтау және оқиғаның толық мән-жайын зерттеумен айналысуда. Әскери бөлімдегі жағдай мен сарбаздың психологиялық ахуалы да тексерілуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?