Семейде оқушыны ұрып, аузына мүшеқап тыққандардың әке-шешесі ата-ана құқынан айырылды

Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілген.

Ақпан 26, 2025 - 09:20
 0  1.1k
Семейде оқушыны ұрып, аузына мүшеқап тыққандардың әке-шешесі ата-ана құқынан айырылды
Фото: Envato

Семей қаласында 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі 6-сынып оқушысын соққыға жығу фактісі бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 

Қазір кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберіледі. Онда олармен психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ жеткіншектер қоғамнан уақытша оқшауланып, олармен түзету жұмыстары жүргізіледі, - дейді департамент бастығының орынбасары

Ернар Базаров. Оның айтуынша, 3 жеткіншектің әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылып, екі балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.

Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 2
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 3
Қайғылы Қайғылы 2
Жарайсың Жарайсың 2