Шымкентте индустриялық аймақтан өрт шықты
Түнде Шымкенттегі «Ордабасы» индустриялық аймағында басталған өрт бүгін таңертең сөндірілді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 300 адамы мен ТЖМ, ЖАО, ӨКҚД, 101, 102 және СЭС 100-ден аса техникасы, сондай-ақ, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Қазір өрт себебі анықталып жатыр.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, оқиға орнынан 364 адам эвакуацияланды, олардың 200-і балалар. Эвакуацияланған тұрғындарға ыстық тағам берілді. Ал 258 адам, оның ішінде 141 бала туыстарының үйіне кетті. Айта кетейік, осыған дейін Шымкенттегі «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында күкірт жанып жатқанын жазған едік.
«ТЖМ күштерімен сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт сөндіруге ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды», - деп хабарлаған ТЖМ баспасөз қызметі.
Көп ұзамай қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Нұржан Қаракозев сағат 16:45-те Шаңырақ елді мекенінен тұрғындар эвакуациялана бастағанын айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?