Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын атып кетті

Сәуір 21, 2025 - 22:26
Сәуір 21, 2025 - 23:08
 0  531
Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын атып кетті
Фото: parlam.kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты атып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.

Қазір оның ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол оң жамбасынан және иығынан оқ жарақатын алған.

Белгілі болғандай, күдікті оқиға орнында ұсталды.

 «Ол жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Атқан адам ұсталды», деді Козачков.

Алдын ала нұсқаға сәйкес, атыс кешкі сағат 20:30 шамасында қала әкімдігі ғимаратының маңында болған

Кейбір дереккөздерге сенсек, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің маманы Ернар Жиенбайұлы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке «Сайга-12» аңшы мылтығынан үш рет оқ атқан.

Руслан Берденов оның жұбайы – 1995 жылы туған Алданова Лаура Серікқызына қырындаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0