«Шіріген жұмыртқа екенсің, қу түлкі»: Ақтөбелік Бағдагүл емші кәсіпкер Ерсайды қатаң айыптады

Қыркүйек 7, 2026 - 15:36
chat_bubble  0 visibility  44
«Шіріген жұмыртқа екенсің, қу түлкі»: Ақтөбелік Бағдагүл емші кәсіпкер Ерсайды қатаң айыптады
Коллаж: Sadaq.kz

Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова Қытайдан Қазақстанға келген кәсіпкер Ерсайды қатаң сынға алып, халықты алдап жүргенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Ата заң қайда, мына әйелді жазалайтын? Саудагер Ерсай, олай халыққа жаның ашымасын. «Алтын ұтам» деп қанша қиналған адам ұрынады. Сайқымазақ әңгімеңізді тоқтатыңыз! Қытайға барып, дәл солай айтып көр! Сені өлім жазасына кеседі ол жақта, заң күшті. Біздің елде жемқорларды, халықты алдап соққандарды ақшамен ауызбастырық беріп отырсың. Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе? «Ата жұрт» деп сылтаулатып? Қытайдың тілін біліп, заңсыз әрекетке көшкен айлакер. Сендейлерді елден қуып шығып, сол елдің заңына тапсыру керек. Сонда көрейін бұлай сайрағаныңды, сұмырай! Ата-бабаның кіндік қаны тамған еліңді осылай тонауға келдің бе? Нағыз шіріген жұмыртқа екенсің, қу түлкі. Қанша адам Қытайдан әкеліп, саудасын дөңгелетіп жатыр, шүкір. Бірақ сен сияқты құлақтан теуіп алдап сатып жатқан жоқ. Өйтіп өтірік жаның ашымасын. Қытайдың тілін біліп, ата жұртқа жаны ашыған болып келіп, қара, бұны тілі сұмданып, айласын асырғысы келеді. Заңсыз әрекетіңді әшкерелеп, атқа теріс қаратып, елден қуып шығатын уақыт келді сені. Басынба қара халықты, қалтаңды қампитып алып, жемқорлармен барлық жерді сатып алғансың ба? Бұл неғылған айылын жимайтын әйел? Сен алтын сырға тақпасаң, құлақтарың түсіп қалмас, Алдар Көсе болмасаңшы!», – деп жазды.

Сондай-ақ Бағдагүл емші Ерсайдың әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң бұзушылық анықталған жағдайда жауапқа тартылуын талап етті.

«Елімізде заң бәріне бірдей жұмыс істеуі керек! Ақшасы барға бір заң, қарапайым халыққа басқа заң болмауы тиіс! Егер заң бұзушылық анықталса — жауапкершілікке тартылсын. Ал егер заң бұзылмаған болса — халыққа ашық түрде түсіндірілсін. Бізге үнсіздік емес, нақты жауап керек! Елімізді ешкімнің тонауына жол жоқ! Қарапайым халықтың үнін ешкім өшіре алмайды. Әділдік болса — бәріне бірдей болсын!», – дейді емші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0