Шұғыл: Батыс Қазақстанда екі баладан метапневмовирус анықталды

Дәрігерлер аурудың алғашқы белгілері пайда болған сәтте дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді

Қаңтар 6, 2025 - 15:19
Шұғыл: Батыс Қазақстанда екі баладан метапневмовирус анықталды

Батыс Қазақстан облысында 14 жасқа дейінгі екі бала метапневмовирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Метапневмовирус – тұмау сияқты, ЖРВИ маусымында белсенді таралатын вирустардың бірі. Ол ауа-тамшы арқылы жұғып, балалардың тыныс алуын қиындатуы мүмкін.

Санитар дәрігерлер облыс тұрғындарын мыналай алдын алу шараларын сақтауға шақырады:

адам көп жиналатын орындарға бармау;
бөлмелерді жиі желдету;
науқас адамды оқшаулау;
ауру белгілері байқалған жағдайда балаларды мектепке немесе балабақшаға жібермеу.

Сонымен қатар дәрігерлер аурудың алғашқы белгілері пайда болған сәтте дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирус жаңадан пайда болған инфекция емес екенін атап өтті. Бұл вирус бірнеше онжылдықтар бойы түрлі елдерде таралып келеді және маусымдық аурулардың көбейгенде өршиді.

Бұған дейін 30 қазақстандықтың осы ауруға шалдыққаны белгілі болды. Белгілері: жөтел, тамақтың ауруы және дене қызуы т.б. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow