Созақта жер үйдің газ баллоны жарылып, бір үйдің бес баласын күйік шалды

Апат 27 қаңтарда кешкі уақытта болған.

Қаңтар 28, 2025 - 19:20
Созақта жер үйдің газ баллоны жарылып, бір үйдің бес баласын күйік шалды
Фото: ТЖМ

Түркістан облысында жер үйде газ баллоны жарылып, 6 адам күйіп қалды, оның бесеуі бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылы 27 қаңтарда кешкі сағат 20:40- та Созақ ауданы, Аққолтық ауылы, Арқабаев көшесі 21 жеке тұрғын үйде тұрмыстық газ балоны жарылып, 180 шаршы метр жер үй толығымен қираған. Өрт шықпаған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенше көршілері үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адам, оның ішінде 5 баланы алып шығып ауруханаға жеткізді», - деді Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев Қанат.

Жарылыс салдары анықталып жатыр.

 «Үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр қираған төбе жаппасы жанып кетті. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді», - деді ол.

Оқиға орнына ТЖД өрт-сынақ зертханасы және анықтау бөлімі мен психологі, ТЖД-ның 20 жеке құрамы және 5 техникасы, ТЖД ЖҚЖ 6 жеке құрамы, 1 техника және 1 киналогиялық есеп, ДП 10 жеке құрамы және 3 техникасы, ЖАО 7 адам 2 техника, Прокуратураның 2 қызметкері 1 техника жіберілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow