«Сұлтан ғана біледі»: Атыраулық хакер жаңа деректермен бөлісті

Қаңтар 19, 2026 - 10:23
 0  3
«Сұлтан ғана біледі»: Атыраулық хакер жаңа деректермен бөлісті
Фото: pixabay.com.ru
«Атыраулық хакер» лақап атымен танылған желі қолданушысы Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасыға қатысты жаңа дерек айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Қазіргі таңда мендегі ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік карта Бали аралында тіркелгені туралы мәлімдегеннен кейін, банк отбасы мүшелерінің барлық банктік шоттарын бұғаттаған. Осыдан соң картамен төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды.

Бүгінгі күнге қарай Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыру жөнінде ешқандай сұрау түспегені, соған байланысты іздеу шараларының тоқтатылғаны хабарлануда.

Осылайша, бұл екі адам әлі табылған жоқ. Ал әлі күнге дейін жауабы табылмаған "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сұрақтың жауабын, менің ойымша, Сұлтан ғана біледі", – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0