Сұмдық! Астанада атасы туған немересін зорлаған

Сәуір 8, 2025 - 17:11
Сұмдық! Астанада атасы туған  немересін зорлаған
Фото: Pixabay.com

Астанада жеті жасар қызды өз атасы зорлап, қылмыс орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ақпаратты адвокат Азамат Сағал мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір күдікті іздестіріліп жатыр. 

“Жеті жасар қызды өз атасы зорлаған. Күдікті қылмыс орнынан ізін суытқан. Қазіргі уақытта оны полиция іздеп жатыр. Істің мән-жайын толыққанды білмеймін. Достар балаларыңызды бөтен адаммен қалдырмаңыздар”, – деді адвокат. 

Астана қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

“Зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow