«Сүйегі сынған»: Петропавлда оқушы қыз соғыс ардагерін соғып кеткен

Сәуір 21, 2025 - 17:14
«Сүйегі сынған»: Петропавлда оқушы қыз соғыс ардагерін соғып кеткен
Фото: СҚО әкімдігі

Петропавлда Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенконы оқушы қыз соғып, құлатып жіберген, деп хабарлады sadaq.kz. 

Солтүстік Қазақстанда Ұлы Отан соғысының үш ардагері қалған. Олардың барлығы Петропавлда тұрады. Солардың бірі – Василий Макиенко. Қарт майдангер күнде серуендеп, кептерлерді тамақандыруды әдетке айналдырған. Ал кеше ардагерді Ғ.Мүсірепов ескерткішінің маңында жүгіріп бара жатқан оқушы қыз соғып кеткен.

«Бейнебақылау камерасынан ардагерді 9-10 жасар қыздың соғып кеткенін көруге болады. Оқушы тіпті бұрылып қарамаған. Ал атам құлап, өздігінен тұра алмаған. Қанша уақыт жатып қалғаны да белгісіз. Оны сол маңда өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, жедел жәрдем шақырған», – дейді ардагердің немересі.

Ардагер бірден көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған.

«Ардагер толық медициналық тексерістен өткізілді. Хирургиялық көмек қажет емес. Науқас дәрігерлердің бақылауында», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханаға барып, соғыс ардагерінің хал-жағдайын сұрап білді. Қазір ардагерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Василий Васильевич үлкен жасына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып келді. Былтыр Жеңіс күніне орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Келесі жылы ардагер өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтпек. Ардагерге тезірек сауығып кетуін тілеп, Жеңістің 80 жылдығын отбасымен, жақындарының ортасында қарсы алатынына үміт білдірдім. Ардагерлер — біздің мақтанышымыз, тарихтың куәсі. Оларға қамқорлық жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету — баршамыздың міндетіміз. Жастардың үлкен буынға құрметпен қарауын және оларға қиын сәтте көмек көрсетуге ұмтылысын қалыптастыру маңызды», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СҚО әкімдігі (@sko_akimdik)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow