Талдықорғанда 14 жастағы қыз ашық жатқан құдыққа құлап кеткен
Талдықорғанда түнгі сағат 00:00 шамасында 14 жастағы қыз ашық жатқан, шамамен төрт метр тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция ротасының қызметкерлері, сондай-ақ «Беркут-163» және «Беркут-164» экипаждары жеткен. Полицейлер арқанның көмегімен жасөспірімді құдықтан аман-есен шығарып алды.
Зардап шеккен қыз дәрігерлерге тапсырылды.
Оқиғадан кейін қауіпті құдықтың бетін жабу бойынша тиісті шаралар қабылданып, ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция бұл оқиға қызметкерлердің төтенше жағдайда жедел әрекет етіп, азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін көрсеткенін атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0