Талдықорғанда әскери қызметкер отырған көлік жарылды

Қыздарын мектепке апармақ болып, таңертең гараждағы көлігін оталдырған. Дәл сол мезет көлікте сұмдық жарылыс болған.

Наурыз 4, 2025 - 15:56
Наурыз 4, 2025 - 15:58
Талдықорғанда әскери қызметкер отырған көлік жарылды
orda.kz

Талдықорғанда газ-баллон жабдығы бар автокөлік жарылып кетті. Жарылыстың қатты болғаны сонша, тұрғын үй қираған, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 наурызда Талдықорғанның Еркін ауылында гаражда тұрған көліктің газ жабдығы жарылған.

"Хабарлама 07:06-да түсті, оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жіберілді: 20 адам, 6 техника. Кейін 50 шаршы метрлік шаруашылық құрылыс нысандары жартылай қирады. Өрт болмаған", – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

Жарылыс салдарынан әкесі мен қызы зардап шеккені жазылған. Ер адам ауруханада жатыр деген ақпарат бар.

Орда.кз сайты жарылған көліктің иесі - 40 жастағы Павел Гунькин есімді әскери қызметкер екенін хабарлады. Қыздарын мектепке апармақ болып, таңертең гараждағы көлігін оталдырған. Дәл сол мезет көлікте сұмдық жарылыс болған.

Күйік шалған дам ауруханаға жатқызылды, оның денесінің 20%-дан астамын күйік шалған.  12 жастағы қызы да жарақат алды.  

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow