«Қылқындырған»: Атыраулық емшінің тағы бір баланың «жынын шығарып жатқан» қорқынышты ВИДЕО-сы тарады
Кейқуат Оспановтың тағы бір «жын қуып» жатқан видеосы жария болды, деп хабарлайды sadaq.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеода емші баланың тамағынан қысып, «жынмен сөйлесіп» отыр. Төсекте ағыл-тегіл жылап жатқан баланың дауысы қырылдап, әрең шығады. Баланың 12 жаста екені жазылған.
Емшінің бұған дейін 5 жастағы қыз баланың да ішіне кірген «шайтанды шығарамын» деп азаптаған видеосы желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырған.
Сіздің реакцияңыз қандай?