Танымал әншінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті

Танымал әнші Ақбота-Нұрдың денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесі денсаулықтың қадірін түсінуге шақырды.
“Ең мықты адамдардың да жанының ауыратынын ұмытпа. Олар да қателеседі, сүрінеді, өшпестей таңбаланады. Бірақ оларды мықты ететіні – қайта қалыпқа келуі. Қайта өзін табуы. Мықты адам деген мінсіз болу емес, қайтадан тұру. Ауырып қалып, еркелеп жүрмін”, – деп жазды әнші.
Бұған дейін өнер иесі Меккеге барып, қажылығын өтеп келген еді.
“Бұл мекенде рухым тыныстап, жүрегім тынышталып, тіршілігімнің барлық күйбеңінен оңашаланып, тек Аллаға жақын болудың шексіз бақытын сезінемін. Әрбір демімде ішкі тыныштық пен жүрегімдегі жеңілдікке бөленіп жатырмын. Мекке – мен үшін тек қасиетті жер емес, өзімнің ішкі әлеміме саяхат жасайтын, жаным мен жүрегімнің терең тынығатын панасы”, – деп жазған еді эстрада жұлдызы.
Сіздің реакцияңыз қандай?






