Танымал рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды (ВИДЕО)

Тінту кезінде рэперден ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді

Қыркүйек 4, 2025 - 21:12
Қыркүйек 4, 2025 - 21:14
Танымал рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды (ВИДЕО)
Фото: ғаламтордан

Ақтөбе қаласында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткілік масаң күйде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тінту кезінде рэперден ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.

Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Полиция департаменті жариялаған видеоға қарап, қазақстандықтар рэпердің Qarakesek екенін жарыса жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow