Театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Сәуір 22, 2026 - 13:07
chat_bubble  0 visibility  2
Театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Алматыда «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Енді өнер ордасы Асанәлі Әшімов театры деп аталады.

Бұл шешім құрмет ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылық мұрасын сақтау мен кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадам.

Асанәлі Әшімовтің өнер жолы, театр мен кино саласына қосқан сүбелі үлесі, сондай-ақ ұстаздық қызметі — мұның бәрі ұлттық мәдениеттің алтын қорына енген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0