«Тектілігі ғой»: Димаш Құдайберген Шахановты ақтық сапарға шығарып салуға арнайы келді (ВИДЕО)
Алматыда қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу жиыны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары мен қарапайым халық жиналды, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты.
Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 2026 жылғы 19 сәуірде 83 жасында дүниеден өтті. Оның өмірі мен шығармашылығы қазақ руханиятымен тығыз байланысты болды.
Қаралы жиында елге танымал өнер жұлдыздары да бой көрсетті. Солардың қатарында Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас бар. Екі әнші де ақынның рухына тағзым етіп, оның жақындарына көңіл айтты.
Димаш Құдайберген – әлемдік деңгейде танылған, ерекше даусымен халықаралық сахналарды бағындырған өнер иесі. Ол әрдайым ұлттық құндылықтарды насихаттап, қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді.
Қоштасу рәсімінде ақынның шығармашылығы мен ел үшін атқарған еңбегі ерекше атап өтіліп, оның қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойындағы орнына жоғары баға берілді. Жиналған жұрт Мұхтар Шахановты ұзақ қол соғып, құрметпен шығарып салды.
Посмотреть в Threads
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0