Теміртауда 48 жастағы әйел 13-ші сәбиін дүниеге әкелді (ВИДЕО)

Наурыз 6, 2026 - 12:25
Наурыз 6, 2026 - 12:28
 0  3
Теміртауда 48 жастағы әйел 13-ші сәбиін дүниеге әкелді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

2 наурыз күні Теміртау қаласының тұрғыны Лариса Кузнецова облыстық клиникалық аурухананың №1 перинаталдық орталығында 13-ші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, ұл бала 3650 грамм салмақпен, бойы 54 сантиметр болып туылды.

Сәбиге Эмин есімі берілген. Ол – 48 жастағы көпбалалы ана Лариса Кузнецованың тоғызыншы ұлы. Үлкен отбасындағы ең үлкен қызы қазір – 25 жаста.

Көпбалалы ана өз сөзінде өзі де үлкен отбасында өскенін айтып, мұндай өмір салты оған таңсық емес екенін жеткізді.

«Мен өзім де көпбалалы отбасында өстім, сондықтан бұл мен үшін жаңалық емес. Ал жолдасым үйінде жалғыз бала болып тәрбиеленген, бірақ уақыт өте келе ол да үйреніп кетті. Соңғы сәбиімізге бәріміз ерекше қуанып отырмыз. Дәрігерлерге үлкен алғысымды білдіремін, олар баламыздың аман-есен дүниеге келуіне көмектесті», – деді ол.

Қазіргі уақытта ана мен сәби дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары жақсы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0