«Терезеден секірген»: Түркиядағы жер сілкінісінен 200-ден астам адам зардап шекті

Сәуір 24, 2025 - 10:24
Сәуір 24, 2025 - 10:46
«Терезеден секірген»: Түркиядағы жер сілкінісінен 200-ден астам адам зардап шекті

Ыстамбұлда болған күшті жер сілкінісі салдарынан 236 адам зардап шекті, деп хабарлады Stan.kz.

Жер сілкінген кезде дүрбелеңнен көптеген адам биіктен секірген. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлығына медициналық көмек көрсетілді. Түркияның денсаулық сақтау министрлігі құрбандар туралы мәліметті әлі айтпады.

Сәуірдің 23-і күні Түркияның Ыстанбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Қазір афтершоктар жалғасуда.

Еске салайық, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы 11 провинцияда 7,8 және 7,5 балдық екі қуатты жер сілкінісі тіркелді. Бірнеше мың афтершоктардан кейін жүздеген мың ғимарат қираған немесе бүлінген. Осылайша, 53 мыңнан астам адам көз жұмды.

Сонымен қатар көршілес Сирияның солтүстік аймақтарында тағы 6 мың адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow