Тина Канделаки қырғыз халқын да русофоб деп атады
Ресейлік журналист Тина Канделаки қырғыз халқын да русофоб деп атады, - деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
Мәселе жергілікті биліктің Бішкектегі Панфилов дивизиясының музейін бұзу туралы шешімінен соң басталған. Іле Тина Канделаки жергілікті билік «Батыстың әсерінен елден кеңес тарихын аластатып, орнына русофобия пайда болғанын» жазды.
Ресейлік журналистің мәлімдемесіне Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Дайырбек Орунбеков жауап берді. Оның сөзінше, біріншіден, музейді бұзу туралы шешім ғимараттың жағдайы мұқият талданғаннан кейін қабылданған.
«Екіншіден, Қырғызстан - егемен мемлекет. Биліктің шешімдері халықтың мүддесіне негізделген. Үшіншіден, Қырғызстан - орыс тілі мен мәдениеті өмірдің ажырамас бөлігі саналатын көпұлтты ел. Төртіншіден, Панфилов дивизиясын ұлықтау - бұл Мәскеуді қорғағаны үшін қаза тапқан әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет», - дейді Орунбеков.
Дайырбек Орунбеков Тина Канделакидің мәлімдемесі абсурд екенін атап өтті.
«Тина Канделакиге мұндай мәлімдеме жасамас бұрын біздің еліміздің тарихын біліп алуға кеңес береміз, біздің елімізге келсе, оның ойы өзгеріп, мұндай мәлімдеме жасамас еді», - дейді ол.
Тағы оқыңыз: «Казахтарға не жорық!»: Белгілі журналист Тина Канделакиге қолдау білдірді
Бұған дейін Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілі шеттетіліп жатқанын жазып, қоғамда қызу талқыға түскен болатын.
Тағы оқыңыз: «Тина Канделаки Қазақстанға кірмейді» – Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің бірқатар бекет атауын өзгерту туралы шешімін ресейлік тележүргізуші осылай қабылдаған. Канделаки мысал ретінде «Уральск» бекетінің атауы «Орал», ал «Узень» бекетінің атауы «Жаңаөзен» болып өзгергенін келтірген.
Сіздің реакцияңыз қандай?