«Тіземнен ұстады»: Пойызда жас қызға тиіскен 69 жастағы ер адам ұсталды

Қыркүйек 2, 2026 - 11:02
 0  32
«Тіземнен ұстады»: Пойызда жас қызға тиіскен 69 жастағы ер адам ұсталды
Фото: Ашық дереккөз
Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында 20 жастағы қызға тиісті деген күдікпен 69 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бойжеткеннің айтуынша, пойызда белгісіз ер адам оның тізесінен ұстаған. Оқиғадан кейін Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Сондай-ақ күдікті жәбірленушіге сол кезде 80 мың теңге ақша ұсынған. Алайда қыз ақшадан бас тартқан. 

"Қызылорда қаласының 69 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.
Тыныштықты бұзғаны үшін ер адамға айыппұл салынды. Ал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар соттың қарауына жіберілді.
Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0