Тоқаев 20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың отырысында сөз сөйлейді

Қаңтар 19, 2026 - 09:31
 0  18
Тоқаев 20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың отырысында сөз сөйлейді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылорда қаласында өтетінін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Руслан Желдібай Telegram желісіндегі арнасында Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлім етті.

"Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы – Ұлытауда өткен еді. Ал 2023 жылы – Түркістанда болды. 2024 жылы – Атырауда, былтыр Бурабайда өтті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0