Тоқаев бірқатар елдің елшісін тағайындады

Сәуір 21, 2025 - 09:24
 0  52
Тоқаев бірқатар елдің елшісін тағайындады
Фото: Ақорда

Қазақстанның Моңғолиядағы, Шри-Ланкадағы, Швециядағы және Даниядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0