Тоқаев ірі қытайлық корпорациялардың жетекшілері алдында сөз сөйледі

Қыркүйек 2, 2025 - 10:02
 0  21
Тоқаев ірі қытайлық корпорациялардың жетекшілері алдында сөз сөйледі
Фото: Ақорда

Бейжіңде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы басталды.

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.

Президент Бейжіңдегі Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы алдында Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірге суретке түсті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0