Тоқаев Путин мен Трамптың Украина бойынша келіссөзінің қорытындысын құптайды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша "Бейбітшілік формуласын" әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?






