Тоқаев вице-президенттің өкілеттіктерін бекітті

Қыркүйек 5, 2026 - 13:45
 0  18
Тоқаев вице-президенттің өкілеттіктерін бекітті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы вице-президентінің өкілеттіктері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Вице-президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды президентке ұсынады.

Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік етеді.

Сонымен қатар президент тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарады, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді.

Жарлықпен белгіленген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында вице-президент өкім шығаруға, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге, Құрылтай, Үкімет, Халық Кеңесі, президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға құқылы.

Еске салсақ, Қазақстанның вице-президенті болып Ерлан Қарин тағайындалған еді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0