«Төреғали мен Ерке қырылып қалды»: Режиссер «Алло» клипін түсіру қиын болғанын айтты (ВИДЕО)

Төреғали маған "ақшаңды береміз, бәрін өшіріп таста" деді.

Маусым 18, 2024 - 11:32
Маусым 18, 2024 - 11:35
«Төреғали мен Ерке қырылып қалды»: Режиссер «Алло» клипін түсіру қиын болғанын айтты (ВИДЕО)
Фото: Бейнебаяннан кадр

Отандық клипмейкер, әзілкеш Парасат Ибраев "Алло" бейнебаянының түсірілімі туралы ел білмейтін ақпаратпен бөлісті. Ол Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның дуэтіне қатысты бар шындықты "ТОП-3" бағдарламасында баяндап берді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Парасат Ибраев "Алло" бейнебаяны Youtube желісінде қазақстандық туындылардың ішінде ең көп қаралым жинағанын жасырмады. Дегенмен түсірілім тобына бұл жобаны соңына дейін жеткізу де оңайлыққа түспеген екен. Оған себеп – қос әншінің ренжісіп қалуы. 

"Бейнебаянның соңында Ерке мен Төреғалидің кездесетін жері бар. Соны түсіріп жатқан кезде екеуі қырылып қалды. Солай бәрі тоқтады. Жалпы өте қиын жоба болды. Төреғали маған "ақшаңды береміз, бәрін өшіріп таста" деді. Жарайды дедім, бірақ өшірмедім. Бір айдан кейін қайта хабарласып, видеоның бар-жоғын сұрады. Табысыпты. Ал мен монтажын бітіріп, тапсырдым. Оларға ұнап, шығарып жібердік. Бір айдың ішінде бес миллионнан артық қаралым жинап үлгерді. Бұл – мұндай қаралым жинаған алғашқы бейнебаян", - деді Парасат Ибраев. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow