Трамп Путинмен ақпанның соңына дейін кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді

Ақпан 19, 2025 - 09:21
 0  39
Трамп Путинмен ақпанның соңына дейін кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді
Фото: белта

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен ақпанның соңына дейін кездесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ВВС.

Америка президенті Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясынан шығып бара жатқанда, тілшілердің бірі одан кездесу айдың соңына дейін бола ма деп сұрады.

— Мүмкін, — деп жауап берді Трамп.

Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков америкалық және ресейлік делегациялардың Эр-Риядтағы келіссөздерінің қорытындысы бойынша Путин мен Трамптың кездесуінің нақты күнін атау қиын екенін мәлімдеген.

Оның айтуынша, кездесудің келесі аптада өтуі екіталай. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0