Трамп: Путинмен кездесуге дайындық басталды

Қаңтар 10, 2025 - 14:25
Қаңтар 10, 2025 - 14:01
 0  53
Трамп: Путинмен кездесуге дайындық басталды
Фото: AP

АҚШ-тың сайланған президентінің айтуынша, оның Ресей басшысымен келіссөздерін ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. 

Дегенмен Трамп екі көшбасшы арасындағы ықтимал келіссөздердің қашан болатынын нақты айтқан жоқ.

«Президент Путин менімен кездескісі келеді және біз бұл істі ұйымдастырамыз. Ол тіпті бұл туралы көпшілік алдында айтты, біз Украинадағы қанды қақтығысты тоқтатуымыз қажет», - деді Трамп.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0