ТЖМ Астанадағы үш бала қаза тапқан өрттің себебін әлі анықтамаған

Маусым 2, 2026 - 17:24
app_badging Маусым 2, 2026 - 17:25
chat_bubble  0 visibility  1
ТЖМ  Астанадағы үш бала қаза тапқан өрттің себебін әлі анықтамаған

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде 1,5 ай бұрын болған адам өліміне әкелген өртке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

ТЖМ вице-министрі Ерболат Садырбаевтың айтуынша, өрттің нақты себебі әлі анықталмаған. 

Тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселе болмаған. Соған қарамастан министрлік елордадағы басқа да тұрғын үй кешендерінде тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Олар бекітілген кестеге сәйкес мұқият тексеруден өтеді, – деді вице-министр Үкіметте өткен баспасөз брифингінде.

Алайда вице-министр «Көркемдегі» өрттің алдын ала себебін де атай алмады.

Мүмкін, бұл мәселе біздің салалық комитетпен талқыланып жатқан шығар. Қазір нақты айту дұрыс болмайды, – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар журналистер өрт сөндірушілер оқиға орнына ғимараттың биіктігіне сәйкес келмейтін баспалдақпен келді деген ақпараттың рас-өтірігін сұрады. Вице-министр бұл мәліметті жоққа шығарды.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Өрт сөндіру жасағы 7 минут ішінде жетті, тиісті техника да оқиға орнында болды… Біздің күштер мен құралдар уақытында барды, – деді ведомство өкілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0