Украина қауіпсіздік қызметі Қырым көпіріне соққы жасады

Маусым 3, 2025 - 17:46
Маусым 3, 2025 - 21:09
Украина қауіпсіздік қызметі Қырым көпіріне соққы жасады

Бүгін Украина Қауіпсіздік қызметі Қырым көпірінде жарылыс жасады. Бұл Украинаның Қырым көпіріне жасаған үшінші шабуылы. 

«Украина Қауіпсіздік қызметі жаңа сәтті операцияны жүзеге асырып, Қырым көпірін үшінші рет соқты. Бұл жолы соққы су астынан жасалды. Операцияны ұйымдастыру бірнеше айға созылды», - деп хабарлады Украина тарабы.

Әуелі Украина Қауіпсіздік қызметінің арнайы агенттері Қырым көпірінің тірек-бағаналарын миналаған. Ал бүгін таңғы 4:44-те алғашқы жарылғыш құрылғы іске қосылған. Бұл жарылыстан бірде-бір бейбіт тұрғын зардап шекпеген.Соққы нәтижесінде су астындағы тірек-бағаналардың төменгі жағы қатты зақымдалған. Жарылыстың қуаты – 1100 кг тротил болған. Қазір негізгі көпір апатты жағдайда тұр.

Бұл операцияға Украина Қауіпсіздік қызметінің бастығы, генерал-лейтенант Василий Малюк ұйымдастырып, тікелей өзі жетекшілік еткен.

«Украина Қауіпсіздік қызметі бастаған ісін аяқтамай қоймайтынын дәлелдеді. Біз бұған дейін екі мәрте – 2022 және 2023 жылдары Қырым көпіріне соққы бергенбіз. Бүгін біз сол дәстүрден айнымай, су астынан соққы жасадық.

Біздің еліміздің аумағында Ресей Федерациясының ешбір заңсыз нысанына орын жоқ. Қырым көпірі – біздің қаруымыз кезелетін нысан. Және біздің Қырым көпірін көздеуіміз заңды іс!

Қырым көпірін жауымыз логистикалық күретамыр ретінде пайдаланып келеді. Өз әскеріне осы көпір арқылы қару жеткізіп отыр. Қырым – бұл Украина жері және оған таласқандарға жауабымыз қатал болады», - деп мәлімдеді Василий Малюк.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow