Украина келісімге дайын – Зеленский

Наурыз 4, 2025 - 22:11
Украина келісімге дайын – Зеленский
Фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның бейбітшілікке деген ұстанымы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«Украина шынайы бейбітшілікті орнату үшін жылдам арада келіссөз үстеліне отыруға дайын. Бүгінде украин халқы сияқты әлемде бейбітшілікті қалайтын ешкім жоқ. Мен және менің командам бейбітшілікке қол жеткізу үшін көшбасшы президент Трамппен бірлесе жұмыс істеуге дайын. 

Біз соғысты аяқтау үшін жылдам жұмыс істеуге дайынбыз. Оның бірінші кезеңі төмендегідей болуы мүмкін: 

- тұтқындарды босату;
- әуедегі ұрысты тез арада тоқтату;
- зымыранмен соққы жасауға тыйым салу, алыс қашықтыққа соққы жасайтын дрондар және бомбалармен азаматтық және энергетикалық нысандарды атқыламау;
- Ресей тарапы келісетін болса, теңіздегі шайқастарды дереу тоқтату. 

Содан кейін жылдам арада өзге де кезеңдерді өтіп, АҚШ-пен бірлесе отырып шынайы, сенімді келісімге қол жеткізуді қалаймыз, - деп жазды Зеленский. 

Ол АҚШ-тың Украинаның тәуелсіздігі мен суверенитетін сақтап қалу үшін қосқан үлесін бағалайтынын жеткізді.

Әлбетте президент Трамптың Украинаға «Джевелиндер» беріп, бетбұрыс жасағаны да есімізде. Біздің Вашингтон төріндегі Ақ үйде өткен кездесуіміз біз жоспарлағандай болған жоқ. Олай болмағаны өкінішті-ақ. Барлығын да дұрыс атқарар уақыт келді. Біз жүйелі қатынас пен әрі қарай әріптестікті қалаймыз», - деді Украина басшысы.

Соынмен қатар Зеленский минералдар мен қауіпсіздік туралы келісімге қол қоюға даяр екендігін айтты.  

Минералдар мен қауіпсіздік туралы келісімге келсек, Украина оны кез келген уақытта және кез келген ыңғайлы форматта қол қоюға дайын. Біз бұл келісімді үлкен қауіпсіздік пен нақты қауіпсіздік кепілдіктеріне апаратын қадам ретінде қарастырамыз және оның тиімді жұмыс істейтініне шын жүректен үміттенеміз, - деп жазды Зеленский.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow