Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз тірі табылды
Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз тірі табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі мәлімдеді, деп Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Sadaq.kz хабарлайды.
Туысының айтуынша, 26 жастағы Асем қазір полиция бөлімшесінде. Оның тірі екені белгілі болғанымен, денсаулық жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр.
«Ол тірі, бірақ жағдайы бізді алаңдатады. Қазір тергеу жүріп жатыр, сондықтан барлық мәліметті айта алмаймыз. Ең бастысы – оның табылғаны», – деді қыздың әпкесі.
Еске салайық, 6 наурыз күні Вьетнамның Хошимин қаласында 26 жастағы қазақстандық Асем жоғалып кеткен. Сол күні ол Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуы тиіс болған. Алайда әуежайға бара жатқан жолда, шамамен 20 шақырым қалғанда, қызбен байланыс үзілген.
Туыстарының айтуынша, жоғалар алдында Асем қатты қорқып жүргенін және өзін біреулер бақылап жүргенін айтқан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0