Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды

Ақпан 17, 2025 - 21:52
Ақпан 17, 2025 - 22:10
Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды
Фото: Kazinform

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды.

Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау жынысы опырылып түскен.

«Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелері мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді», - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен. 

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде.

ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды.

Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow