Үлкені 6 жаста: Батыс Қазақстанда өрттен бір үйдің бес баласы көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында қайғылы оқиға болды.
БҚО ТЖ департаментінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, оқиға 4 маусым күні сағат 15.00-ден кете болды. Қ.Сағырбаев көшесі 8-мекенжайда тұрғын үй өртенді.
- Өрт сөндірушілер хабар түскеннен соң 5 минуттан кейін жеткен. 30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізгенімен, олар көз жұмды. Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында департамент қызметкерлері жұмыс жасап жатыр, - деп жазды ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бес ұл баланың үлкені 6 жаста, ең кішісі 2023 жылғы.
Марқұмдардың ата-анасы пәтер жалдап тұрған, өрт кезінде жұмыста болған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бес баланың бәрін де аудандық ауруханаға ТЖД қызметкерлері тіршілік белгілері жоқ күйінде жеткізген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






