Зеленский өзінің отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Ақпан 24, 2025 - 09:49
Ақпан 24, 2025 - 11:24
 0  419
Зеленский өзінің отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді
Фото: bbc

Украина президенті Владимир Зеленский егер әлем Украинаға бейбітшілік күн болатынына кепілдік берсе, тақтан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді.

Бірақ ол үшін елде бейбітшілік орнайтыны және Украинаның НАТО-ға кіруіне кепілдік берілуі тиіс. 

"Егер бұл Украина үшін бейбітшілікті аңғартса, егер сіздерге шынымен қажет болса, мен кетуге дайынмын. Сонымен қатар, мен лауазымымды елімнің НАТО-ға мүшелігіне де айырбастай аламын. Билікте ондаған жылдар бойы отыратын ойым жоқ", – деді Зеленский Киевте өткен баспасөз конференциясында.

Украина көшбасшысы сондай-ақ Вашингтонның сирек кездесетін ресурстар туралы келісімшарт жасасу талаптарын, Киевтің АҚШ-қа 500 млрд доллар эквивалент төлеу міндеттемесіне тоқталды.

«Серіктестеріме деген құрметпен біз 500 млрд доллар қарызды мойындамаймыз, - деп кесіп айтты Зеленский.

Сондай-ақ ол Киевтің деректеріне сәйкес, сөз тек 100 млрд доллар көмек туралы болып отырғанын меңзеді. Одан бөлек, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденмен келісімшартқа сәйкес, Украинаға берілген көмек қарыз емес, грант ретінде жоғарыда аталған мөлшерде ұсынылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 3
Сұмдық Сұмдық 2
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 3