Зеленский Трамптан кешірім сұрады

Наурыз 11, 2025 - 10:15
Зеленский Трамптан кешірім сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский доғал кабинеттегі дау-дамайдан соң Дональд Трампқа хат жазып, кешірім сұраған. 

Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Зеленский президентке хат жолдады. Ол доғал кабинетте болған жайт үшін кешірім сұрады. Меніңше, бұл маңызды қадам және біздің командаларамыз, украиналықтар мен еуропалықтар арасында көптеген талқылаулар өтті", - деді Уиткофф Fox News арнасына берген сұхбатында. 

Басылымның жазуынша, осы аптада АҚШ пен Украинаның ресми тұлғалары Сауд Арабиясында кездесу өткізіп, Ресеймен арадағы соғысты аяқтау бойынша бейбіт келіссөздерді қайта бастауы тиіс.

Уиткоффтың сөзінше, Зеленскийдің Трампқа жолдаған хатын "прогресс" деуге келеді.

АҚШ президентінің арнайы өкілі украиналықтардың қауіпсіздігі, аумақтық мәселелері туралы талқылаудың маңызды екенін айтты. 

"Бұл мәселелерді талқылауға шығару қажет. Барлық тарап өздерінің ойын ашық білдіруі тиіс. Содан кейін ғана ықтимал ымыраға келу туралы талқылауды бастауға болады", - деді Стив Уиткофф.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow