Жамбыл облысында мұғалімдерге күштеп концертке билет алдыртқан
![Жамбыл облысында мұғалімдерге күштеп концертке билет алдыртқан](https://sadaq.kz/uploads/images/202502/image_870x_67b314a9a8888.jpg)
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында концертке мұғалімдерден мәжбүрлі түрде ақша жиналып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Хат мәтінін белгілі журналист жариялады.
"Билет өтпей жатыр екен, соның концертіне неге мұғалімдер ақша жинауға тиіс? Қордай аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы, неге мектептерге бөліп тастайды, билеті өтпесе де біз кінәліміз бе? Қайырымдылық концерт болса бір жөн", - деп жазылған хатта.
Мәселеге Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы жауап берді. Оның сөзінше, Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті баяндалған жағдай бойынша тексеріс жүргізеді.
"Заңбұзушылықтар расталған жағдайда заңнама шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ, "Педагог мәртебесі туралы" заң талаптарын бұзғаны үшін қызметтік тергеу негізінде Қордай ауданының жергілікті атқарушы органы өкілінің жауапкершілігі қаралады", - деп жазылған хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/wow.png)