Жамбыл облысында педофил әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қыркүйек 4, 2025 - 14:59
Жамбыл облысында педофил әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: freepik.com

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз қызына зорлық көрсетті деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Kazinform.

Осы жылдың сәуір айында Қордай ауылында сотталушы мас күйінде 2019 жылы туған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған.

Оған ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабының 4-бөлігі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды қарастыратын айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушы нақты осы жазаны қолдануды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындады, бірақ отбасы оны кешірмеді. Зардап шеккен тарап заң бойынша жазалауды талап етті. Жеңілдететін мән-жайларға қарамастан, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Бұдан басқа, сотталған азаматқа 5 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу міндеттелді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow