«Жаныма қатты батты»: Баян Мақсатқызы экс-күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сұхбат барысында Баян Мақсатқызы қазір өткенге өкпе артпайтынын, алғашында қатты қиналғанын жасырмады.
“Соңғы рет оны құданың асында көрдім. Бетпе-бет келмедік, сыртынан байқадым. Құдамыз бір жыл бұрын қайтқан, бір жылдық асында болды. Оны көргенде ештеңе сезбеймін, мен жіберуді, кешіруді білемін. Қайтара алмайтын өткенді өзгертуге тырысудың қажеті жоқ. Бастапқы бес жылда бітпейтін ота жасаттым. Жаныма қатты батты, сол кезде оған реніш пен ыза болды. Отадан оянғаннан кейін қатты ашуланатын едім. Кейін түзете берудің пайдасы жоқ екенін біліп тоқтаттым”, деді продюсер.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0