«Жас айырмашылығы сезілмейді»: Райм мен Ерке үш жылдықтарын Мальдивте тойлады (ФОТО)
Танымал әнші Ерке Есмахан RaiM-мен отбасы құрғандарына үш жыл толғанын айтып, желіде атап өткен суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"19-қаңтар. Шаңырақ көтергенімізге 3жыл. Нәтижесі – бақытты біз және 3ұл. Бәрін қайырлы етіп бұйырған Аллаға сансыз шүкіршілік айтамыз. Мальдив аралында, мұхиттың жағасында атап өттік", – деп жазды әнші.
"Шынайы сезім суреттің бергі жағынан сезіліп тұр", "Жас айырмашылығы сезілмейді", "Керемет жұп", "Осындай махаббатты көріп өскен балаларыңыз бақытты болады", "Ұстасқан қолдарыңыз ажырамасын", "Енді өзіңіз сияқты қызыңыз болса", "Екеуі бақыт құшағында тұр", "Жайлылық пен сыпайылық сезіледі",– деп оқырмандар тілегін арнады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0