«Жауапкершілік аламын»: Серік Сәпиев күтпеген мәлімдеме жасады
Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев бүгінгі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты жауап берейін деп шештім. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндетімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерлерде күш қолдануға болмайтынын үйреткен. Өз мүмкіндігімді жақсы бағаламаймын. Әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылыққа ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі», - дейді Серік Сәпиев.
Бұған дейін бірқатар ақпарат көздерінде Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің соққыға жығылғаны туралы мәлімет тараған болатын. Алдын ала деректерде оған өз орынбасары, самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов қол көтерді деген ақпарат айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0