«Жауапты адамдар сыра ішіп жүр»: журналист Жапонияда өтіп жатқан EXPO көрмесіндегі Қазақстан павильонынан көңілі құлазып қайтқанын айтты

Сәуір 17, 2025 - 11:28
Сәуір 17, 2025 - 12:12
«Жауапты адамдар сыра ішіп жүр»: журналист Жапонияда өтіп жатқан EXPO көрмесіндегі Қазақстан павильонынан көңілі құлазып қайтқанын айтты

Журналист Айнұр Асанберді Жапонияның Осака қаласында 158 ел мен 9 халықаралық ұйымды біріктірген ауқымды халықаралық оқиға – Дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесіне барып, әлеуметтік желіде көңілі құлазып қайтқаны жөнінде жазба жариялады, деп жазады Sadaq.kz.

“Жүрегім ауырды… Бүкіл әлем болашақпен тыныстап жатыр. Америкалықтар — айға үй саламыз дейді. Немістер — ұшатын көлікпен келеді. Жапондар — робот пен рухты біріктіріп отыр. Түркіменстан мен Әзірбайжанның жеке ғимараты, өзіндік стилі, айтары бар.

Ал біз… жартылай киіз үй. Жартылай ұят. Жартылай қатысу. Жартылай ел екенімізді танытқандай… Ұлт болмысын танытудың орнына, бұрыштағы қарапайым декорацияға айналып қалғандаймыз. Түсінем, қарапайымдық – қасиет. Бірақ мұндай ауқымды сахнада бұлай мазақ болғанша ештеңе қоймаған жөн бе еді. Жарайды қойған екенбіз, қаншама адам сол ЭКСПО үшін жарты жылға Жапонияға келді. Солар ең болмаса әдемілеп ақпарат беріп шығарып салса ғой, шіркін… Сонша іздеп барып өз елімнің күйіне қарап көңіл құлазыды… Тіпті қарсы алып тұрған жігіт ешкімді жақтырып тұрған жоқ”, — деп жазды журналист. 

Ол сонымен қатар жауапты адамдардың не істеп жүргенін де жасырмады. 

“Мақсатым – елімізді сынау емес. Тек осы көрменің соңында 10 адам жүр. Бәрін Осакада барда сыра ішіп отырғандарын көрдім. Мына жерге келгендерді күтіп алып ештеңе қоймаса да ақпарат берсе деген ой ғана. Солар жарты жылға көрме үшін келді”, — деп жазды ол Instagram stories-те. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнур Асанберди (@ainur_asanberdi)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow