Жаңа жыл түнінде ауа райы қандай болады

Желтоқсан 30, 2024 - 14:48
Жаңа жыл түнінде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 31 желтоқсан мен 2025 жылдың 2 қаңтарына дейінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік өңірлері циклонның әсерінде болады. Республиканың басым бөлігінің ауа райын Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон қалыптастырады.

Онымен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ. 31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанып отыр. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде. 

«Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз-5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow