Жеті жасар баланың зорлануы: экс-депутат өмір бойына сотталуы мүмкін

Ақпан 25, 2025 - 22:15
Жеті жасар баланың зорлануы: экс-депутат өмір бойына сотталуы мүмкін
Фото: Gov.kz

Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутаттың соты басталды.

Оған сенсек, 40 жастағы лауазымды тұлға туысының 7 жасар баласын жәбірлеген. 

Кейіннен Ақсу аудандық полиция бөлімі зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Бүгін, 25 ақпанда іс бойынша негізгі сот отырысы өтті. Онда прокурор айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Келесі сот отырысы 27 ақпанда өтеді. Сол процесте экс-депутатқа үкім шығады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow