Жетісудегі баласын ұрып-соққан анаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды
Жетісу облысында қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Көшеде баланы аяусыз ұрып-соққан әйелдің үстінен қозғалған іс аясында енді оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы taldykorganec_kolesa парақшасына сілтеме жасап Sadaq.kz хабарлайды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Баланы ұрды деп айыпталған ана ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары ата-ана құқығынан айыру туралы мәселенің заң аясында міндетті түрде қаралатынын растады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, зардап шеккен балаға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Отбасындағы барлық балалар қауіпсіз жерге орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда, бүлдіршіндермен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0